
Адам саудасы – жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қол сұғатын, қоғам үшін аса қауіпті қылмыстардың бірі. Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыс аумағындағы қыстақтарда, шаруа және фермерлік қожалықтарда адам саудасының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қыстақ тұрғындары мен жұмыс берушілерге адам саудасының негізгі белгілерін, заңсыз еңбек қатынастарының салдарын және осындай құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілікті түсіндірді. Сонымен қатар азаматтарға күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақтану, еркінен тыс еңбекке тарту жағдайларын дер кезінде хабарлау жолдарын айтты. Тұрғындарға адам саудасына қатысты ақпараттық жадынама парақтары таратылып, онда қауіп белгілері, жедел байланыс нөмірлері және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі көрсетілді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысымен полиция қызметкерлері облыс аумағында 1555 қыстақ, шаруа және фермерлік қожалықты тексеріп, олардың қызметін бақылауға алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1152440?lang=kk

Жауап қалдыру