«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымның атауы:
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің бас экономисі – 1 бірлік;
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 03.02.2026 ж.
Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 11.02.2026 ж.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 220009 теңгеден бастап
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімінің бас экономисттің лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
ұйымның еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығаратын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) сапасын арттыруға, оның өзіндік құнын төмендетуге, еңбек өнімділігінің өсімін қамтамасыз етуге, ең аз материалдық, еңбек пен қаржы ресурстары шығынымен жоғарғы нәтижелерге жетуге бағытталған экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді жүзеге асырады;
жасасқан шаруашылық шарттарға сәйкес бәсеке жағдайында қызметтің перспективалық жоспарын құрастыру, олардың негізіне алынған қажетті негіздемелерімен және есептерімен жоспарларды әзірлеу бойынша, сонымен қатар шаруашылық тетікті, экономикалық жұмысты жетілдіру, өндіріс резервтерін пайдалану бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жасау бойынша ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және әдістемелік басқарады;
экономикалық жоспарлардың негізділігін арттыруға, ғылым мен техника, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру жетістіктерін ескере отырып, материалдық және еңбек шығындарының прогрессивті техникалық-экономикалық нормативтері негізінде жоспарлы көрсеткіштерді белгілеуге ықпал етеді;
ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру, олардың негізделуінің жоғарғы деңгейіне жету бойынша, жоспарлауды, тауарлық-материалдық құндылықтар шығыны нормаларын, айналым қаражаты мен өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту бойынша жұмысты жүргізеді;
ұйымның өндірістік бөлімшелерінің жұмысын техникалық-экономикалық жоспарлау, күрделі салымдардың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігінің есебі бойынша әдістемелік материалдарды, өндіріс резервтерін барынша жұмылдыру мен жаңа техниканы және технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру әзірлеуді ұйымдастырады;
басқарудың экономикалық әдістерін енгізу, рөлін арттыру мен жетілдіру бойынша жұмысқа әдістемелік басшылықты және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
ұйымның шаруашылық қызметінің барлық учаскелерінің материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу режимін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қатысады, еңбек өнімділігін және өндірістің тиімділігін арттыруға, ұйымның шаруашылық дербестігі мен экономикалық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған ұсыныстарды дайындайды;
ұйымда қолданылатын жоспарлы, есептілік және есеп беру құжаттамасының ұтымды нысандарын әзірлеуді, сондай-ақ шаруашылық қызметті жоспарлау, талдау және есептеу саласындағы экономикалық есептеуді жүргізу үшін басқарудың автоматтандырылған жүйесін және есептеу техникасын кеңінен ендіруді ұйымдастырады;
қаржылық тәртіпті сақтауды, жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды қамтамасыз етеді, ұйым мен оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалау және кешенді экономикалық талдау жүргізуді, ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану, жұмыс орындарын рационалдау мен аттестациялау өткізу бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;
ұйымда жүргізілетін экономикалық зерттеулерді басқарады, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғарғы оқу орындармен шығармашылық қарым-қатынас туралы шарттар жасасады;
өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, техниканы дамытуға бағытталған іс-шараларды экономикалық бағалау әдістерін, сондай-ақ экономика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибелі пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді ұйымдастырады;
экономикалық ғылыми жетістіктерді практикаға енгізу бойынша шараларды жүзеге асырады;
жаңа техниканы және технологияны енгізудің, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың, сондай-ақ оларды құру мен игеру кезінде өнімнің жаңа түрлерін, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізу тиімділігін экономикалық есептеуді және талдауды жүргізуді ұйымдастырады;
ұйымдардың және экономикалық қызмет түрінің өзге де ұйымдарының жұмыс көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізуді, экономикалық жұмыс саласындағы озық тәжірибені енгізуді басқарады;
ұйым жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша (өндіріс көлемі, еңбек өнімділігін көтеру, өнімдердің өзіндік құнын азайту, табыстарды көбейту бойынша) іс-шараларды әзірлеу мен ендіруге, экономикалық жұмыстың прогрессивтік әдістері мен нысандарын іске асыруға қатысады;
мамандардың экономикалық білім деңгейін арттыру бойынша жұмысты басқарады;
жоғары тұрған органдарға экономикалық қызметтің нәтижелері туралы есептілікті уақытында ұсынуды бақылайды;
ұйымның экономикалық жұмыстарды атқаратын құрылымдық бөлімшелерін басқарады, өндірісті басқару бойынша экономикалық анағұрлым орынды шешімдерді енгізуге жәрдемдеседі.
2.Білуге тиіс:
экономикалық қызметтің тиісті түрінің даму бағыттарын айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
ұйымдарда экономикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар;
ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері;
ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективалары;
ұйымның өндірістік қуаты;
ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері;
ұйымның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі;
ұйымды басқарудың экономикалық әдістері, ұйымда жоспарлы жұмысты ұйымдастыру;
өнімнің, техниканың, технологияның жаңа түрлерін, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды енгізуден экономикалық тиімділікті есептеу тәртібі;
материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртібі;
шаруашылық шарттар жасау және орындау тәртібі;
экономикалық қызметтің тиісті түрлеріндегі отандық және шетелдік техника мен ғылым жетістіктері және озат ұйымдардың экономикалық жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру саласындағы тәжірибесі;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басшы лауазымында кемінде 5 жыл экономикалық жұмыс өтілі.
- Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма – қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
- Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
- жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген;
- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
- “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми жәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Құжаттарды тапсыру үшін мекен –жайы:
БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135
Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ
Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67
Электрондық пошта – terektiroo@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-terekti/press/news/details/1152426?lang=kk

Жауап қалдыру