
Сауда үйлерінде полиция қызметкерлері тұрғындармен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында банкоматтар маңына арнайы ескерту жадынамалары орналастырылып, келушілерге алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы ақпарат берілді.
Тәртіп сақшылары азаматтарды күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерді, сондай-ақ банк картасының реквизиттерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін қырағылық танытып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
https://www.instagram.com/p/DULd8fXiMua/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1152510?lang=kk

Жауап қалдыру