
31.01.2026 жылы “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында Айыртау ауданының прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп “жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі”акциясын ұйымдастырды.
Жүргізушілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі жадынамаларды тарату қамтамасыз етілді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет пен қоғамның басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Жыл сайын жолдарда жол-көлік оқиғалары орын алады, олардың едәуір бөлігі жол ережесін бұзумен, жылдамдықты асырумен, мас күйінде көлікті басқарумен, жүргізушілердің назарынан тыс қалумен, оның ішінде қысқы жағдайларды сақтамаумен байланысты.
Жолдағы қауіпсіздік жеке Жауапкершіліктен басталады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана апаттылықты азайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға болады.
Акция аясында кішігірім жол-т рәсімдеу тәртібін түсіндіруге ерекше назар аударылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1152504?lang=kk

Жауап қалдыру