
21 қаңтар күні аудан әкімдігінде Володар ауылдық округінің абаттандыру мәселелері бойынша ұйымдастыру кеңесі өтті. Кеңестің құрылуын аудан әкімі Мейрам Меңдібаев 2025 жылдың желтоқсан айында ұсынған болатын. Бұл идея Саумалкөл ауылындағы кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан қолдау тапты.
Алғашқы кеңеске аудандық атқарушы органдардың, кәсіпкерлік қоғамдастығының өкілдері және Володар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Кездесуді ашқан Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев жаңа формадағы, атқарушы органдар мен аудан орталығы тұрғындарының өзара әрекеттесу тәсілі жедел әрі кешенді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл әдіс абаттандыру мәселелерімен айналысатын көп адамдарды тартуға жол ашады. Саумалкөл ауылы – аудан орталығы, әрі Имантау-Шалқар курорттық аймағының айнасы болып табылады. Бұл аймақ жыл сайын жүздеген туристі қабылдайды, сондықтан ол тұрғын үйлердің жайлылығы, тазалығы мен өмір сүруге ыңғайлы жағдайлар тұрғысынан басқа ауылдық округтер үшін үлгі болуға тиіс. Бірақ шын мәнінде бұл «айна» әлі де әдемі көрініс бермей тұр.
Штабтың төрағасы болып Е.Е.Шайғузов сайланды. Оған бір апта ішінде жұмыс жоспарын әзірлеп, штаб мүшелерімен таныстыру тапсырылды.
Штабты құру қажетті қадам болып табылады, бірақ ол абаттандыру мәселесін өздігінен шешпейді. Қоқыс үйінділері, толығымен қоқыстанған аумақтар, күтімсіз аулалар мұның бәрі тек қаржы тапшылығының немесе үнемі сенбіліктерге шығатындардың кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың немқұрайлылығының және сыртқы бақылаушылардың қалыптасқан тұрақты көзқарасының нәтижесі. Тек әрбір саумалкөлдік азаматтың, қарапайым тұрғыннан кәсіпкерге дейін белсенді қатысуы арқылы ғана аудан орталығын шын мәнінде таза әрі жайлы етуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1152631?lang=kk

Жауап қалдыру