
2026 жылы 5 ақпанда аталып өтетін “Дүниежүзілік сайлау күні” қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының “Дүниежүзілік сайлау күніне” арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласында белсене қатысқан, осы салада қосқан үлесі үшін Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы, Жылыой ауданының әкімдігі, Жылыой ауданы әкімінің аппараты, Жылыой аудандық мәслихаты, «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалы, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы атынан сайлау комиссиялары мүшелері алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хаттарды Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Теміржанов табыстап, жылы лебізін білдірді.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген бейімділікті қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1152805?lang=kk

Жауап қалдыру