«Ақшақар – 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 қаңтар күні Бумакөл ауылында «Ақшақар – 2026» шаңғы туризмі техникасы бойынша аудандық жарыс өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауданымызда шаңғы туризмі техникасын дамыту.

Жарыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды:
– «Қысқы туристік фотосуреттер»;
– «Қысқы балық аулау»;
– «Шаңғы туризмі техникасы».

«Шаңғы туризмі техникасы» бағыты бойынша жүлделі орындар:
🥇 I орын – Бөрлі ЖОББМ командасы
🥈 II орын – Бумакөл МББК командасы
🥉 III орын – Облав МББК командасы

«Қысқы туристік фотосуреттер» байқауының нәтижелері:
🥇 I орын – Ақсай қаласы №4 ЖОББМ командасы
🥈 II орын – Бөрлі ЖОББМ командасы
🥉 III орын – Бөрлі №1 ЖОББМ командасы

«Қысқы балық аулау» бағыты бойынша:
🥇 I орын – Бөрлі ЖОББМ командасы
🥈 II орын – Бумакөл МББК командасы

Жалпы топтық есеп бойынша:
🥇 I орын – Бөрлі ЖОББМ командасы (жетекшісі – Складанюк В.)
🥈 II орын – Бумакөл МББК командасы (жетекшісі – Камашев Р.)
🥉 III орын – Бөрлі №1 ЖОББМ командасы (жетекшісі – Мақпозов А.)

Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
Сонымен қатар жарыс соңында экологиялық мақсатта мұз ойықтары ойылып, су айдындарындағы балықтарға ауа жіберу жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1152848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді