Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні ауданымызда ерекше шара – “Алаш IQ” оқу орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың құттықтау сөзімен басталып, жаңа орталықтың ашылуы қоғам мен білім саласына қосқан маңызды бастама екенін атап өтті.
Келесі сөз кезегі Алмажай Сүлейменованың атасы – Мұқан Жүсіповке беріліп, құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, “Алаш IQ” оқу орталығының негізін қалаушы – Алмажай Сүлейменова орталықтың мақсаты, міндеттері мен оқушыларға көрсетілетін мүмкіндіктер туралы айтып өтті.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырнизов пен Алмажай Сүлейменованың алғашқы ұстазы – Алтынай Сәрсенғалиеваның қатысуымен салтанатты лента қию рәсімі жасалды. Бұл сәт – жаңа оқу орнының білім әлеміне қадам басуын маңызды түрде білдіріп, келешек жетістіктердің бастауы болды.
“Алаш IQ” оқу орталығының ашылуы – жастардың білімге деген құштарлығын арттыруға, жылдам оқуға, шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл орталық көптеген шәкірттердің дамуы мен болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіншілік береді.
Құбаева Нұрайлым
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1152921?lang=kk

Жауап қалдыру