
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Ұлттық баспасөз күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның маңызды институты болып саналады. Дәл сіздер ақпараттық кеңістіктің алдыңғы шебінде тұрып, мемлекет пен халық арасындағы ашықтық, мөлдірлік және сенімділік қағидаттарын қамтамасыз етіп келесіздер. Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары жауапкершілікті, тұрақтылықты және кәсіби құндылықтарға адалдықты талап етеді.
Ауданның оқиғаларын жарыққа шығарып, әлеуметтік маңызды мәселелерді көтеріп, жетістіктер туралы баяндай отырып, сіздер Сандықтаудың тұрақты дамуына, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосасыздар.
Сала ардагерлеріне, редакторларға, тілшілерге, өз ісіне берілгендігі үшін, белсенді азаматтық ұстанымы мен туған өлкенің тағдырына бей-жай қарамайтындығы үшін алғыс білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1153002?lang=kk

Жауап қалдыру