
Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылдық округінің Алаш және Ақсу елді мекендерінде, сондай-ақ, Жібек жолы, Төле би және Қыстаубаев көшелері бойында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған сенбілікке Сайрам ауданы әкімі аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық орталық аурухана, Ақсукент ауылдық округі әкімі аппараты және «Көрікті Сайрам» КММ қатысты.
Сенбілік барысында каналдар мен арық-атыздар, көше бойлары тазаланып, қураған ағаштар кесіліп, аумақтар ретке келтірілді.
Алаш және Ақсу елді мекендерінде өткен тазалық жұмыстарына 600 адам қатысып, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигон аумақтарына 11 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1153078?lang=kk

Жауап қалдыру