
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Р.Мұздыбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында инфрақұрылыммен қамту, жол, инженерлік желілерге қосылу секілді өзекті мәселелер көтерілді.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, әрбір мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1153088?lang=kk

Жауап қалдыру