Ақмола облысы Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылауға белсенді қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы қолданыстағы Негізгі заң мәтінінің 80 пайыздан астамын өзгертуді көздейді. Мұндай ауқымды реформа оның жай ғана қабылдануымен шектелмей, әзірленіп жатқан құжаттың негізіне қандай қағидаттар мен ережелер қаланатынын терең түсінуді талап етеді. Дәл осы тұрғыда Ақмола облысында облыстық активтің қатысуымен кеңес өтіп, жаңа Конституция жобасы мен оның практикалық маңызы талқыланды.

«Конституцияны жаңарту қажеттілігі қоғамдық үміттердің өзгеруіне байланысты. Бүгінде азаматтар мемлекеттен рәсімдердің формалды сақталуын емес, құқықтарының нақты қорғалуын, әділ шешімдер мен ашық диалогты күтеді. Конституция Негізгі заң ретінде осы үміттерге сай келіп, мемлекеттік басқару жүйесінің барлығына айқын бағдар беруі тиіс», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Рамазанов.

Реформа үдерісінде өңірлердің қатысуы айрықша маңызға ие. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов кіріп, оның барлық отырыстарына қатысқан. Кеңесте сөз сөйлеген ол комиссия жұмысы басталғаннан-ақ қоғаммен ашық диалог форматында жүргізілгенін, ал ұсынылып отырған Конституция жобасы жабық шешімдердің емес, кең ауқымды қоғамдық талқылаудың нәтижесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, өзгерістердің ауқымы мен адамның қадір-қасиетін қорғауға бағытталуы қоғамдық дамудың жаңа негізі қалыптасып жатқанын көрсетеді. Кеңес барысында атап өтілгендей, бүгінгі қоғамдық сұраныс рәсімдердің формалды орындалуына емес, адам құқықтарының нақты қорғалуына, шешімдердің әділдігі мен биліктің жауапкершілігіне бағытталған. Дәл осы сұраныс жаңа Конституция жобасының негізіне алынған. Адамға бағдарланған қағидат күшейтіліп, құқықтар мен бостандықтарды қорғау тетіктері кеңейтіледі, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдері үшін жауапкершілігі арта түседі.

«Жаңа Конституция құқық үстемдігін қамтамасыз етудің практикалық кепілі ретінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді. Жоба жеке адамның қол сұғылмаушылығын, цифрлық дәуірдегі жеке деректерді қорғауды, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды, әлеуметтік құқықтарды және құқықтық айқындық қағидатын нақты айқындайды. Бұл нормалардың барлығы әрбір азаматтың құқығы тікелей конституциялық кепілдікке ие болатын, ал мемлекет оларды қамтамасыз етуге міндетті жаңа құқықтық негізді қалыптастырады», – деді Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Реформаның тағы бір маңызды бағыты ретінде, конституциялық комиссия мүшесінің айтуынша, өкілеттіктерді өңірлердің пайдасына қайта бөлу көзделіп отыр. Мәслихаттардың рөлін күшейту шешімдердің едәуір бөлігі халыққа жақын деңгейде, нақты жергілікті мәселелерді ескере отырып қабылданатынын білдіреді. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар реформа мемлекеттіліктің базалық негіздеріне әсер етпейтінін ерекше атап өтті. Елдің егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар ретінде сақталады. Ұсынылып отырған өзгерістер эволюциялық сипатқа ие болып, мемлекеттік басқару жүйесін заманауи жағдайлар мен ұзақ мерзімді сын-қатерлерге бейімдеуге бағытталған. Ақмола облысында келесі кезеңде кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні атап өтілді. Жаңа Конституция тек қабылданып қана қоймай, мемлекеттік аппарат ішінде де, кең қоғамдық диалог аясында да терең түсінілуі тиіс. Оның ережелері қаншалықты саналы түрде қабылданып, практикада дәйекті іске асырылатыны азаматтардың билік институттарына деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1153112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді