
Бүгін ауданымызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған маңызды жиын өтті. Кездесу барысында еліміздің басты құжатына енгізілетін өзгерістер мен жаңа талаптар кеңінен талқыланды.
№7 орта мектептің директоры Г. Есентаева конституциялық өзгерістердің саяси жүйені жаңартуға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Жаңа жобада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейтуге басымдық берілген.
Мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін күшейту – басты мақсат екені анық.
Ал,кәсіподақ төрағасы Н. Қалқабаев әлеуметтік әділеттілік пен қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі жаңа өзгерістердің маңызына тоқталды.
Жиын қатысушылары ұсынылған бастамалардың қоғам дамуы үшін маңыздылығын бірауыздан қолдап, жаңа Конституция – әділетті Қазақстанның кепілі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1153153?lang=kk

Жауап қалдыру