🔰Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесу өткізді.

🔹Кездесуде округтің бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

🔹№1 аумақтық округінде 103 590 тұрғын тұрады, жер аумағы 2870 гектар. Округке 4 шағын аудан мен 4 тұрғын алқап кіреді. Аумақта білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік нысандар орналасқан. Округте 153 көпқабатты тұрғын үй, 1 сквер және 4 полиция тірек пункті бар.

🔹 2025 жылы атқарылған жұмыстар:
▪️ 7 көшеге орташа жөндеу
▪️ 16 көше мен 9 бұрылысқа ағымдағы жөндеу
▪️ 17 көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынды
▪️ 34 көше мен бұрылыс жарықтандырылды
▪️ Аялдамалар орнатылып, жаңартылды
▪️ Көпқабатты үйлер жөнделіп, жаңа лифттер орнатылды
▪️ Балалар ойын және қоқыс алаңдары жаңартылды
▪️ Санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді
➡️ Тұрғындар көтерген мәселелер:
✔️ Ағаштарды санитарлық кесу
✔️ Қоқыс алаңдарына кірме жол салу
✔️ Көппәтерлі үйлерге аншлаг орнату
✔️ Арық жүйелерін қалыпқа келтіру

📌 Аудан әкімі барлық ұсыныс-пікірлерді бақылауға алып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1153189?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді