
Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Зерде» XXІ республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Финалдық кезеңде Ақмола облысынан 11 ғылыми жобамен 13 оқушы қатысты. Қатысушылар өз жұмыстарын келесі бағыттар бойынша қорғады: математика және қолданбалы математика, физика және ғарыш, туризм және спорт, химия және биология, информатика, робототехника және STEM-инженерия.
Республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша ақмолалық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
II-дәрежелі дипломдармен:
1.«Физика, космос» секциясы бойынша Нұрболатқызы Раяна – Зеренді ауданы Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
2.«Туризм және спорт» секциясы бойынша Дәулетбек Ясмин – Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;
3.«Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша Серік Айжұлдыз – Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломдармен:
1.«Химия, биология» секциясы бойынша Султанбек Байбек – Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;
2.«Туризм және спорт» секциясы бойынша Қараева Назерке – Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
3.«Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша Харьков Егор – Сандықтау ауданы Максимовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
4.«Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Зарипов Адильхан – Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
5.«Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Кенжебай Арман – Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
6.«Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Асетқызы Кәусар – Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
7.«Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша Қуан Айша – Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотамен «Химия, биология» секциясы бойынша Мукаш Агиля – Шортанды ауданы Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы марапатталды.
Қатысушылардың табысты өнер көрсетуі — өңірдегі жас зерттеушілердің дайындық деңгейінің жоғары екенін және оқушылардың ғылыми-жобалық қызметін дамыту бағытындағы педагогтердің жүйелі жұмысын көрсетеді.
Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1153237?lang=kk

Жауап қалдыру