Үздіктер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025-жылы елімізде командалық көкпардан 10-ға жуық республикалық жарыс өтті. Туризм және спорт министрлігі мен Көкпар федерациясы ұйымдастырған айтулы жарыстардың жылдық қорытындысы жасалды.

Нәтижесінде өткен жылы үздік болған спортшылар лайықты марапатқа ие болды.

Үздік қорғаушы – Асыл Елдос – Жамбыл облысы

Үздік ойыншы – Мәлімбай Ернат – Жамбыл облысы

Үздік жаттықтырушы – Құрманбай Есжан – Жамбыл облысы

Үздік команда – Момынов Нұрдәулет – «Әулие-Ата» кәсіпқой клубы» КММ директоры

Үздік шабуылшы – Жақсылық Ерғалым – Жамбыл облысы

Үздіктерге ҚР Көкпар федерациясы атынан арнайы диплом мен 500 000 теңгеден сыйақы берілді.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1153229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді