14 наурыз- Көрісу күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан мейрамы. Бұл күн жыл сайын 1️⃣4️⃣наурыз күні аталып, кеңінен тойланады.
Көрісу – тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын, бауырмалдықты арттыратын ерекше дәстүр.

Бұл күннің тағы бір ерекшелігі мерекенің таңертеңнен басталуы. Адамдар бір-бірімен «Жаңа жасың құтты болсын!»-деп төс қағыстырып, қол алысуы.
Дәл осындай ізгі тілектерімен Көкшетау қаласының Теміржол вокзалында мерекелік көңіл күйде маңызды дәстүр аталып өтті.

 Ұлттық әндер шырқалып, «Асыл мұра» ансамблі мың бұрала биледіҚала тұрғындары жолаушыларды жылы шыраймен қарсы алып, қонақжайлылық көрсетіп, дәстүрді жаңғыртуға белсенді атсалысты.

«Достар» мәдениет сарайы мен «Көкше» мәдениет үйінің әртістері дайындаған «Көрісу» театрландырылған қойылым, мәдени бағдарламалар жиналған қауымды тәнті етті. Бұл ұлттық дәстүрдің сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа берілуінің жарқын көрінісі.

Ұлттық дәстүрімізді одан әрі нығайтатын іс-шара халыққа жарқын эмоциялар мен қуаныш сыйлады, жиналған жұртшылыққа көрісу күнінің маңыздылығын, өткенге құрметі мен болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі екенін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/962923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді