
Аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимов жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған актив жиналысында сөз сөйледі.
Аталған жиынға аудан әкімі А. Жақсылықов, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ардагерлер, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында аудандық мәслихат төрағасы «Жаңа Конституция – құқықтық мемлекеттің берік негізі» тақырыбында баяндама жасап, Конституция жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде кеңінен баяндады. Ол жаңа Ата Заң жобасын әзірлеу кезінде азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстардың мұқият талданғанын, ашық қоғамдық талқылаулар өткізілгенін, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелердің жан-жақты әрі тиянақты пысықталғанын атап өтті.
Сонымен қатар жиында заңгер Г. Мухиева «Конституциялық реформалардың қоғамдағы маңызы», аудандық мәслихат депутаты Х. Нұртұрғанова «Жаңа Конституция аясындағы әйел мен отбасының құқықтық қорғалуы» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Жиналыс соңында қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, қойылған сауалдарға заң аясында тиісті жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-temir/press/news/details/1153262?lang=kk

Жауап қалдыру