
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде Исатай-Махамбет алаңында 26 киіз үй тігіліп, мейрамды тойлаушылар әрқайсынан наурызкөже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ 30-ға жуық азық-түлік және 40-қа жуық қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды.
Шара «Қош келдің, әз-Наурыз» атты театрландырылған концерттік бағдарламамен басталды.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Серік Шәпкенов ұлттық бояуы қанық төл мерекенің құндылығы жас ұрпаққа насихатталу керегін айтты.
Алаңда қазақ күресі, қой көтеру, ләңгі тебу, бұқа тартыс сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтіп, жеңіспаздар қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бұдан бөлек, қонақтарға арналып 500 кг бауырсақ пен 1500 литр наурыз-көже ұсынылды.
Мерекеде эстрада жұлдыздары «Жігіттер» квартеті мен Нұрболат Абдуллин, жергілікті әртістер әннен шашу шашты.
Айта кетейік, алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Атырау жастарының да киіз үйлері тігіліп, Наурыз мерекесін ұлттық дәстүрге сай ерекше форматта атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/962936?lang=kk

Жауап қалдыру