АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков аудандық ішкі саясат бөлімі ұжымына бөлімнің жаңа басшысы Абдразахов Ерлан Ажимуханұлын таныстырды. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ажимуханұлына жаңа қызметінде сәттілік тілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Абдразахов Ерлан Ажимуханұлы – мемлекеттік қызмет саласында мол тәжірибесі бар маман. Еңбек жолын 2004 жылы Шардара қаласы әкімі аппаратында инспектор қызметінен бастаған.
Әр жылдары Шардара аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, экономика және қаржы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ аудан әкімі аппаратында жетекші және бас маман, бөлім басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2020 жылы аудандық аумақтық инспекцияда бас маман – мемлекеттік инспектор болып еңбек етсе, 2025 жылдан бастап Шардара ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарып келді.
Жаңа қызметінде Ерлан Ажимуханұлының ауданның ішкі саясат саласын дамытуға өз үлесін қосатынына сенім білдірілді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1153240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді