
2026 жылғы 27 қаңтар күні «Агробизнес», «Кең дала», «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарына арналған жиналыс өтті.
Жиналысқа кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г. Байғазинова, кәсіпкерлік палатасы мен мансап орталығынан, сондай-ақ салық қызметінің маманы қатысты.
Жиында шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз бизнесін бастау, сондай-ақ бірнеше шаруа қожалығы немесе жеке кәсіпкерлер бірігіп кооператив құру мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, салық қызметінің маманы 2026 жылға арналған салық саласындағы өзгерістер бойынша ақпарат берді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/1153313?lang=kk

Жауап қалдыру