
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасына арналған актив отырысы өтті.
Отырыс барысында:
* «Жаңа Конституция – құқықтық мемлекеттің берік негізі»
* «Конституциялық реформалардың қоғамдағы маңызы»
* «Жаңа Конституция аясындағы әйел мен отбасының құқықтық қорғалуы»
тақырыптары кеңінен талқыланды.
Отырысқа еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді жастар, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Аудан әкімі А.Жақсылықов жаңа Конституцияның ел дамуы мен қоғамда құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталып, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, конституциялық реформаларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1153401?lang=kk

Жауап қалдыру