Бүгінгі таңда қоғамның дамуы цифрлық кеңістікпен тығыз байланысты. Осыған орай Конституцияның жаңа редакциясында алғаш рет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын цифрлық ортада қорғауға бағытталған норма бекітілді.
Бұл өзгеріс цифрлық технологияларды кеңінен енгізу жағдайында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру саласында цифрлық сауаттылықты дамыту, жастарды жаңа технологияларды тиімді қолдануға үйрету – елдің зияткерлік әлеуетін нығайтудың маңызды тетігі.
Конституция – ел дамуының берік іргетасы, ал цифрландыру – жаңарудың негізгі бағыты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1153369?lang=kk

Жауап қалдыру