Мемсараптама Алматыдағы №7 қалалық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту жобасын мақұлдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мемсараптама» РМК «№7 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК ғимаратын қайта жабдықтаумен (ескірген және физикалық тозған жабдықты жаңасымен неғұрлым өнімді жабдықпен жаңғырту және ауыстыру) реконструкциялау» жобалық құжаттамасын қарастыру қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.

Аурухана Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қалқаман шағын ауданында орналасқан. Нысан 4-6 қабатты он бір блоктан тұратын ғимарат. Жобаға сәйкес қайта жаңғырту алаңы 3,9284 гектарды құрайды, оның жалпы ауданы 33 654,12 м2 (жалпы құрылыс көлемі 122 138 м3) болатын – 5, 6, 7, 8, 9, 10 блоктары реконструкциялауға жатады.

 Тапсырыс беруші: «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бас жобалаушы: «Engineering Center Ltd» ЖШС.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/962970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді