
ҚАЛАДА ЗАҢСЫЗ САУДАНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Нұрдаулет Медеуов пен қалалық полиция бөлімі және сауда саласына жауапты бөлім өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз сауданың алдын алу және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен қаладағы «Ынтымақ» алаңында әр сенбі сайын өтетін жәрмеңкеге қатысушы сатушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалық пен санитарлық талаптарды орындау, бағаны тұрақтандыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жәрмеңке қала кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің тауарларын тікелей тұтынушыларға ұсынуына мүмкіндік береді және бағаны тұрақтандыруға бағытталған.
Сонымен қатар, қала аумағындағы базарлар мен сауда орталықтарындағы кәсіпкерлерге рұқсатсыз саудаға жол бермеу, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 және 505-баптарының талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1153509?lang=kk

Жауап қалдыру