
Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің алқа отырысы өтті. Оған аумақтық басқармалардың басшылары қатысты. Отырыста 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жұқпалы аурулардың басым бөлігі бойынша тұрақты деңгейде сақталуда. Есепті кезеңде аса қауіпті және әлеуметтік мәні бар жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Сонымен қатар қызылша, көкжөтел, желшешек, дизентерия, вирустық гепатиттер мен кене энцефалиті бойынша сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі байқалды.
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесін іске асыру аясында халықты вакцинациялаумен қамту деңгейі 97,3 пайызға жетіп, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етті.
Денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу бағытында да оң динамика қалыптасты: рұқсат құжаттары жоқ объектілер саны азайып, қызмет инфрақұрылымын жаңғырту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын іске қосу жұмыстары жалғасуда.
Алқа отырысында профилактикалық бақылау, әкімшілік іс жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, кадрлық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Ақмола облысы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын одан әрі нығайтуға және денсаулығын қорғауға бағытталған негізгі міндеттер белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1153560?lang=kk

Жауап қалдыру