Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша селекторлық кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2 ақпанда Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова, Қоғамдық кеңес төрағасы Р.С. Садыков және мәслихат аппаратының басшысы Г.Қ. Жаңбыршина Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға ZOOM арқылы активке қатысты.

Актив барысында конституциялық өзгерістердің негізгі ережелері, олардың мемлекеттік басқаруды дамытудағы маңызы, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейту және жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту мәселелері қозғалды.

Пікір алмасу ашық әрі мазмұнды өтті.

Осындай ашық аландар өткізілетін конституциялық реформаларды терең түсінуге және тұрғындарға түсіндіруге септігін тигізеді.

Жаңартылған Конституция елдегі демократиялық институттарды нығайтуға және өңірлердің тұрақты дамуына негіз болатынына сенім білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1153552?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді