️«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Абай ауданында жастарымен ақпараттық кездесу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы 2025 жылдың 18 қыркүйегінде Абай колледжінде «СОЦKZ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып студенттермен ақпараттық кездесу ұйымдастырды.

Жұмыс тобының құрамына Абай облысы полиция департаментінің, наркологиялық қызметтің және Абай облысы бойынша АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының өкілдері кірді. Мамандар студенттермен түрлі тәуелділіктердің, соның ішінде нашақорлық, лудомания және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, өңірдегі наркологиялық ахуалға қатысты өзекті статистикалық деректерді ұсынды. Сондай-ақ, жастарға тәуелділікке апаратын қауіптер, олардың салдары және алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті әрі нақты жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1153589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді