Салауатты білім беру ортасы: Көкшетауда ДДСҰ-ның «Салауатты университеттер» жобасы аясында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Департамент пен Көкшетау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бірлесіп, Жоғары техникалық колледж базасында қала колледждерінің директорларының қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты университеттер» жобасына арналған семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға білім беру ұйымдарында аталған жобаны енгізудің маңыздылығы түсіндірілді. Жоба салауатты өмір салтына бағытталған тұрақты дағдыларды қалыптастырудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде қарастырылды. Сонымен қатар инфекциялық емес аурулардың алдын алу, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің, педагогтер мен техникалық персоналдың физикалық және психоэмоциялық саулығын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар аясында жобаны іске асырудың негізгі бағыттары, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері және оны қала колледждерінде кезең-кезеңімен енгізу перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жобаның өзектілігін атап өтіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1153580?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді