
2026 жылғы 31 қаңтарда Байторысай жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының еңбек ардагері, білім беру ісінің үздігі Қилыбаев Асқар Төлегенұлының жарқын естелігіне арналған аудандық футбол турнирі өтті.
Ақтық кезеңге 3 команда қатысты:
№4 Мәртөк ЖОББМ командасы;
№3 Мәртөк ЖОББМ командасы;
Кеңсахара – Саржансай ЖОББМ құрама командасы.
Турнирдің құрметті қонақтары:
– Мәртөк ауданының әкімі Ысқақов Медет Жұмабайұлы;
– Мәртөк аудандық білім бөлімінің басшысы Есалин Асет Сағымбайұлы;
– Қилыбаев Асқар Төлегенұлының ұлы – Аскаров Сұлтан Аскарович.
Сондай-ақ турнирге дене шынықтыру және спорт саласының өкілдері, ауылдық округ әкімі, аудандық әдіскер, педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп директорлары және педагогикалық қауым өкілдері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – №3 Мәртөк ЖОББМ командасы;
II орын – №4 Мәртөк ЖОББМ командасы;
III орын – Кеңсахара – Саржансай ЖОББМ құрама командасы.
Турнир жоғары деңгейде, спорттық бәсекелестік пен өзара құрмет жағдайында өтіп, ұлағатты ұстаздың рухына тағзым ретінде ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-baytorisai/press/news/details/1153611?lang=kk

Жауап қалдыру