Ауданда ардагерлердің есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәжіліс залында ардагерлердің аудандық ұйымының XIV есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ақмола облыстық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Дулат Жұрымбаев қатысты.

Конференция барысында аудандық Ардагерлер кеңесінің 2022–2025 жылдардағы қызметі туралы мәселелер қаралып, тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Сондай-ақ аудандық Ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы мен XI облыстық есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.

Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жаңа мерзімге Бақыт Сейтжанова қайта сайланды. Аудан әкімі Серік Құдабай оны қайта сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі және ардагерлер ұйымының ауданның қоғамдық өміріндегі рөлін атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысқаны және ауданның ардагерлер қозғалысын дамыту мен ілгерілетуге қосқан үлесі үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшылары мен ардагерлер қозғалысының белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1153782?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді