
Ағымдағы жылдың 22 наурызында Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Д.К. Далешев Нұра ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Б.А. Исаев пен аудан әкімінің орынбасары Б.Н. Есжановпен бірге көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары тексерілді.
Тексеру барысында Қантай, Кертінді, Тассуат ауылдары және Нұра кентіндегі су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында салынған жер үйінділерін (дамбаларды) қарап шықты. Нұра өзені бойындағы көпір қаралды. Сонымен қатар, өзен деңгейі мен судың жағдайы зерттелді.
Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай қызметтері қажетті шараларды уақытылы қабылдау үшін дайындықтарын жалғастыруда. Сонымен қатар, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында аудандық штаб тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/963081?lang=kk

Жауап қалдыру