Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮЛКІБАСТА БИЫЛ «АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛАДЫ
Түлкібас ауданында жеке инвестиция есебінен бой көтеріп жатқан «Ақсу-Жабағылы» шипажайының жаңа ғимараты биыл қолданысқа беріледі. Бес қабаттан тұратын емдік-сауықтыру нысанының қазіргі таңда іші-сыртын әрлеу жұмыстары атқарылуда. Бүгін аталған нысанға аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты мамандармен арнайы барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Олар шипажай басшылығымен жаңа нысанды толық аралап, жобаның қыр-сырымен танысты.Онда бір мезетте 250 адамға сапалы қызмет көрсетілетін болады. Атап айтсақ, тыныс жолдары, сүйек-буын және неврология бағытындағы ем-домдар жасалады. Жаңа нысанның алғашқы қабатында заманауи құрылғыларымен жабдықталған реабилитация орталығы, қалған қабаттарында демалып ем алушылар үшін заманауи, ыңғайлы бөлмелер орналасады.
Кәсіпкердің айтуынша, жаңа нысан аяқталған соң ескі нысанның қасбетін біркелкі ету жұмыстары атқарылмақ. Сондай-ақ, ауласы толық абаттандырылып, еліміздің ғана емес, шетел азаматтарын қабылдауға ыңғайлы жағдай жасалынатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ТЮЛЬКУБАСЕ В ЭТОМ ГОДУ ОТКРОЕТСЯ НОВОЕ ЗДАНИЕ САНАТОРИЯ «АКСУ-ЖАБАГЫЛЫ»
Новое здание санатория «Аксу-Жабагылы», строящееся в Тюлькубасском районе за счет частных инвестиций, будет введено в эксплуатацию в этом году. В лечебно-оздоровительном объекте, состоящем из пяти этажей, в настоящее время ведутся работы по внутренней и внешней отделке. Сегодня аким района Аскар Естибаев специально посетил данный объект с ответственными специалистами, где наблюдал за проводимой работой.
Они под руководством санатория полностью посетили новый объект и ознакомились с тонкостями проекта.В нем одновременно будут обслуживаться 250 человек. В частности, проводятся процедуры в области дыхательных путей, костно-суставной и неврологической направленности. На первом этаже нового объекта разместится реабилитационный центр, оснащенный современным оборудованием, на остальных этажах – современные, комфортабельные номера для отдыхающих.
По словам предпринимателя, после завершения строительства нового объекта планируется сделать фасад старого. Также будет полностью благоустроен двор и созданы комфортные условия для приема не только соотечественников, но и иностранных граждан.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1153844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді