А.Маханова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына арналған қызметкерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама келіп түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі мен оның қорғалуын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымның жалпы ережесіне, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен кездегі басшының іс-қимыл алгоритміне және сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қорғау механизмдері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу және жол бермеу керектігін кеңінен атап өтті.
ШЕШІМ ЕТТІ:
- Бөлім басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және күнделікті атқаратын қызмет барысында қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, тиісті жұмыстар жүргізу;
- Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» талаптарын қатаң сақталуына бақылауды күшейту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1153924?lang=kk

Жауап қалдыру