
Бүгінде аудандағы 8 елді мекен табиғи газға қосылған. Газдандыру көрсеткіші халық санына шаққанда 52 пайыз, елді мекендер бойынша 22,8 пайызды құрайды.
2025 жылы аудандағы 6 елді мекенді газдандыру, сондай-ақ, ірі өндіріс орындарын қажетті газбен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан қуаттылығы 20 мың текше/сағат болатын Жаңақорған автоматты газ тарату станциясы салынды. Өткен жылдың 18 қарашасында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен газ тарату станциясы іске қосылды. Жоба құны 2,3 млрд теңге.
Сондай-ақ, Сырдария өзенінің батысында орналасқан 6 елді мекенді (Қожакент, Өзгент, Ақсуат, Ақжол, Жаңарық, Қыркеңсе) газдандыруға жалпы құны 7,1 млрд теңге болатын жоба-сметалық құжаттары демеушілікпен әзірленді.
Бұл жобалардың құрылыстары «ҚазақГазАймақ» акционерлік қоғамының 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық жобаларының шеңберінде биылғы жылы басталуы күтілуде.
Сондай-ақ, 2023 жылы ауданымыздың солтүстігіндегі 5 елді мекенді (Сунақата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық) газдандыруға 5,6 млрд теңге болатын жобалар әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттерден қаржыландыруға ұсынылды.
Осы 5 елді мекенді газдандыру үшін жоғары қысымды газ желісін тарту жобасы жасалып, биылғы жылы республикалық бюджеттен 100 млн теңге (жоба құны 251 млн теңге) бөлінді. Жақын арада құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Бұған қоса, демеушілер есебінен 30 млн теңгеге Бесарық елді мекені тұсында автоматты газ тарату станциясын (АГТС) салуға жоба – сметалық құжаттамасы әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1154010?lang=kk

Жауап қалдыру