
Аққұм ауыл округінде Ұзақов Уалихан Жамалханұлының жылдық есеп беру өтті.
Аққұм ауыл округінде Отырар ауданы мәслихатының төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлының тұрғындар алдында жылдық есеп беру кездесуі өтті.
Жиынға ауданнан бөлім басшылары мен Аққұм ауыл округі әкімі Жанжигитова Нұрсұлу Беделхановна әкімшілік қызметкерлері, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар баяндалды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Мұндай кездесулер халықпен кері байланысты нығайтып, жергілікті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-akkum/press/news/details/1154063?lang=kk

Жауап қалдыру