
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен ҚР Еңбек министрлігінде жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы негізгі өзгерістерді талқылауға арналған онлайн форматтағы кеңес өтті.
Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің ұжымы, әлеуметтік серіктестер қатысты.
Өз сөзінде Министр жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ, құжаттың әлеуметтік-еңбек саласына қатысты маңызды тұстарына да тоқталды.
Кеңес барысында азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтудің маңыздылығы да ерекше аталды. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.
Жиын аяқталған соң Департамент басшысы А.Т.Досжанов жаңа Конституция жобасының маңыздылығын айта отырып, қызметкерлерді түсіндіру жұмыстарына қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1154061?lang=kk

Жауап қалдыру