Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасы талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жарқайың ауданының білім бөлімі мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін талқылау өтті.

Талқылауға Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Арай Әбенова, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру және әлеуметтік сала өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Баяндамамен Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов сөз сөйледі. Аудандық мәслихат депутаты А.Әлжанов бұл құжаттың бүкіл ел бойынша белсенді түрде талқыланып жатқанын атап өтіп, оның мемлекеттің институционалдық құрылымына да, қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздеріне де ықпал ететін маңызды бастама екенін, Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындайтынын айтты.

Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиясы да өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1154053?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді