
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған жарияланған айлық аясында, #Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» арналған ұранымен, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК клиникалық-диагностикалық бөлімшесі басшысы және фтизиатр дәрігерінің қатысуымен, «Жанатас KZ» ЖШС-і, «Senim Guard» ЖШС-і, «Life» медициналық орталығының және Қарағанды-Жолаушылар вокзалы қызметкерлерінің арасында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық– эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған ағарту науқаны ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барысында клиника, емдеу, туберкулездің алдын алу және анықтау, әр адамның өз денсаулығына қатысты белсенді жеке өмірлік ұстанымын қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.
Қарағанды облысындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалдың статистикасына толық шолу ұсынылды.
Бекіту материалы түрінде жадынамалар, плакаттар, буклеттер таратылды. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/963123?lang=kk

Жауап қалдыру