
2026 жылғы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіру жөніндегі облыстық актив отырысы өтті. Бұл актив отырысына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент өкілдері де қатысты. Актив отырысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері қаралды. Жаңа Конституция жобасы – қоғамның сұранысы мен заман талаптарына сай әзірленген, мемлекеттің құқықтық нгеіздерін жаңғыртуға бағытталған деп атап өтілді. Отырыс барысында жастар да өз пікірлерімен бөлісіп, жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1154267?lang=kk

Жауап қалдыру