
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және азаматтардың табыс деңгейін арттыру мақсатында жасына байланысты зейнетақылар 10 пайызға ұлғайтылды.
Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды. Әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) және айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты қайта қаралды, бұл төлемдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестендірілуін қамтамасыз етті.
Қабылданған шаралар әлеуметтік төлемдердің сатып алу қабілетін сақтау мен халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін қолдауды күшейтуге бағытталды.
Шығыс Қазақстан облысында аталған әлеуметтік қолдау шаралары 330 716 адамды қамтыды, оның ішінде жасына байланысты зейнетақы алушылар мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1154264?lang=kk

Жауап қалдыру