
Білім беру ұйымдарында 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында «Мен көркем жазамын» қалалық каллиграфиялық байқауының мектепішілік кезеңінің онкүндігі өткізілді.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
I кезең – мектепішілік кезең (19–30 қаңтар 2026 ж.)
II кезең – қалалық кезең (02–06 ақпан 2026 ж.)
Байқауға 2–4 сынып оқушылары, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қоса алғанда, 400-ге жуық оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты:
Оқушыларды жазу барысында көркем, сауатты және біркелкі ырғақты жазуға дағдыландыру.
Міндеттері:
– Негізгі пәндер бойынша сауатты, қабілетті оқушыларды анықтау;
– Оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу;
– Зейінін дұрыс әрі тиянақты жазуға шоғырландыру;
– Жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру.
Жақсы, әдемі, тиянақты жазылған жұмыстарға келесі номинациялар берілді:
«Ең әдемі жазу», «Тиянақты жазу», «Көркем жазу», «Таза жазу», «Түзу жазу».
Орыс бөлімдері үшін:
«Мастер каллиграфии», «Король письма», «Гордость каллиграфа», «Самый красивый почерк» номинациялары ұсынылды.
Білім беру ұйымдарында оқушылардың әдемі әрі тиянақты жазылған жұмыстарынан бұрыштар ұйымдастырылды. Әр күн сайын көркем жазуға байланысты түрлі іс-шаралар өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1154247?lang=kk

Жауап қалдыру