
Кентке жасаған сапары барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы №20 Арал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №294 орта мектеп ғимаратында болды.
Мекеме ұжымымен кездесуде елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың маңызы, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту және Парламент рөлін арттыру бағытындағы өзгерістер сөз болды.
Сондай-ақ аудан әкімі кенттегі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысу барысында Сексеуіл кенті бойынша алдағы уақытта қолға алынуы тиіс бірқатар мәселелерге тоқталды.
Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының демеушілігімен құны 1 млрд теңге болатын 150 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебін салу жоспары бар екенін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-sekseuil/press/news/details/1154349?lang=kk

Жауап қалдыру