Балалардың отпен ойнауы өрттің негізгі себептерінің бірі болып қала береді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың отпен ойнауы өрттің негізгі себептерінің бірі болып қала береді

Балалардың отпен ойнауы тұрғын үй секторында өрттің туындауына әкелетін кең таралған себептердің бірі болып отыр. Қауіптің негізгі көздері — сіріңке, оттық, шамдар және пиротехникалық бұйымдар.

Ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі және балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеуі төтенше жағдайлар қаупін едәуір арттырады. Тіпті болмашы тұтанудың өзі ірі өртке және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Алдын алу мақсатында мамандар ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, от көздеріне қолжетімділікті шектеуді және өрт болған жағдайда әрекет ету алгоритмін үйретуді ұсынады.

Алдын алу және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау — адам өмірі мен мүлікті сақтаудың кепілі.

 
Күршім ауданының ТЖБ
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1154343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді