Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жыл ішінде қазақстандықтар өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызметті ресімдеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жыл ішінде қазақстандықтар өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызметті ресімдеді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тұрғындары мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігін белсенді пайдалануда, деп хабарлады “Азаматтарға арналған үкімет”мемлекеттік корпорациясы. Талдау көрсеткендей, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында бір жыл ішінде өтініштер саны 6,6 миллионнан астамға артып, шамамен 14,8 миллионға жетті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 8,2 миллионды құрады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы өтініштер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр –мұнда жылына 2,3 млн-нан астам қызмет алынды. Бұдан әрі 1 млн – нан асатын Алматы облысы Түркістан облысы-тиісінше 1 млн-ға жуық.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында ең сұранысқа ие бес ҚЫЗМЕТ болды: ЭЦҚ алу, мұрағаттық анықтамаларды ресімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сотталмағандығы туралы анықтама, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру.

 “Біз істеп жатқан барлық нәрсе азаматтардың ыңғайлылығына бағытталған: барлығының қол жеткізу және қызметтерді алудың ең қолайлы әдісін таңдау мүмкіндігі тең болуы тиіс. Кейбіреулер үшін бұл мобильді қосымшалар, электрондық үкімет порталы немесе онлайн-платформалар, біреу банктік қосымшалар арқылы, ал біреу ХҚКО-да алуды жөн көреді. Біз үшін басымдық-көрсетілетін қызметті алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы”, – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арманкенжеғалиев.

Айта кетейік, 2025 жылы ХҚКО операторлары арқылы 13 млн-нан астам қызмет көрсетілді, ал 2024 жылы олардың саны 15 млн-нан асты.

Сауалнама нәтижелері бойынша ел бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 95 пайыздан асады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-pobeda/press/news/details/1154342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді