
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын таныстыру және оның негізгі ережелерін талқылау мақсатында кеңейтілген жиын өткізілді.
Жамбыл ауданы әкімі Нұрлан Ертасұлының төрағалығымен өткен бұл басқосу барысында аудандық мәслихат төрағасы Мадияр Орынтайұлы жаңа Конституция жобасының мазмұны, ондағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы жан-жақты баяндама жасады. Ол құжаттың ел дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды нормаларын ерекше атап өтті.
📌 Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Ықылас Еркінұлы, ауылдық округ әкімдері және мекеме бөлім басшылары қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жобасына қатысты пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almobl-zhambyl/press/news/details/1154337?lang=kk

Жауап қалдыру