
2026 жылдың 28 қаңтарында облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының (әрі қарай – Басқарма) басшысы Е. Иманбаевтың төрағалығымен басқарма қызметкерлері және Басқарманың мамандандырылған базасы басшылығының қатысуымен аппараттық жиналысы өтті.
Жиын барысында мамандандырылған база қызметкерлері тарапынан ұжымдық өтініштердің жазылу себептері, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ 2026 жылы өткізілген аппараттық жиындарда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі баяндамалар тыңдалып, нәтижесінде басқарма басшысы тарапынан жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1154400?lang=kk

Жауап қалдыру