
? «Тort Tulik Mobile» дегеніміз не?
«Tort Tulik Mobile» мобильді қосымшасы жануарлар иелеріне арналған. Ол жануарлар тізімін мониторингтеу, жаңа жануарларды тіркеу, оларды жеке тұтыну үшін сою себебінен есептен шығару, жануарларды онлайн-режимде сату және сатып алу мүмкіндіктерін ұсынады. Сондай-ақ, қосымша ветеринариялық паспорттарды ресімдеуге, жануарлар мен олардың иелері туралы деректерге өзгерістер енгізуге, сондай-ақ сырға жоғалған жағдайда жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін (ЖБН) ауыстыруға мүмкіндік береді.
📝 Кім тіркелуі керек?
Ауылшаруашылық жануарларының иесі
❗ Неліктен дәл қазір мұны істеу керек?
Тіркеусіз кіруге шектеу қойылады:
- төл және импорт оқиғалары бойынша жануарларды тіркеу;
- мемлекеттік қызметтерді алу (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт және мәліметтерді түзету).
👉 Салдары қандай болуы мүмкін?
- ветеринариялық қызмет көрсетуден бас тарту;
- жануарларды сату немесе ауыстыру кезінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды алудың қолжетімсіздігі;
- мемлекеттік қолдау мен субсидияларды жоғалту қаупі;
- әкімшілік және өзге де жауапкершілікті қолдану.
✅ Не істеу керек?
- Ветеринариялық пунктке хабарласыңыз
- «Tort Tulik Mobile» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз және жануарлардың иесі ретінде тіркеліңіз (Android және iOS жүйелерінде құрылғыларды пайдаланушылар жүктей алады).
📌 Сұрақтар туындаған жағдайда жануарлар иелері Call-орталыққа жүгіне алады: 8 (7172) 79-34-19
WhatsApp +7 771 996 1499 (WhatsApp қоңыраулары қабылданбайды)
Эл. пошта: help@acepas.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-bolshevik/press/news/details/1154510?lang=kk

Жауап қалдыру