2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ӘЛЕМДІК, АЗИЯЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ 40-ҚА ЖУЫҚ ІРІ ЖАРЫС ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ӘЛЕМДІК, АЗИЯЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ 40-ҚА ЖУЫҚ ІРІ ЖАРЫС ӨТЕДІ

📍Түркістан облысының спорт мектептерінде 89700 спортшы спорттың 63 түрімен тұрақты түрде тегін шұғылдануда. 2024 жылмен салыстырғанда 27438 балаға немесе 69 пайызға артты. 2025 жылғы 12 айда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 851 мың адамға жетіп, халықтың 42,8 пайызын құрап бекітілен индикаторлық көрсеткіш орындалды. Соның ішінде 3-18 жас аралығындағы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі 266 мыңға жеткен. Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 3 млрд. 400 млн теңге бөлініп, 384 өнім беруші 25226 баланы спорттық секциялармен қамтыған. Облыс көлемінде 3273 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 273 мыңнан астам адам тартылған.

▪️Спорт саласындағы өзекті мәселелер мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне бұқаралық спортты дамыту, көрсеткіштерді жақсарту бағытында тапсырмалар берді.

📌– Жасөспірімдер мен жастарды спорттық үйірмелерге көптеп тартып, жан-жақты қолдау көрсетіңіздер. Өңірдегі спорттық нысандар елге қызмет етуі тиіс. Спортқа баулу арқылы біз жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтаймыз. Түркістандағы «Мұз сарайының» әлеуетін толық пайдаланып, қысқы спортты дамыту, насихаттау бойынша нақты жұмыс жоспарын ұсыныңыздар. Спорт саласында жұмысты ширату керек. Нақты нәтиже беретін спорт түрлері мен спортшыларды іріктеп, жүйелі жұмыс атқарыңыздар. Елді мекендерде спорт нысандарын салу бойынша да жұмысты сапалы атқару қажет, – деген Нұралхан Көшеров командалық спорт түрлерін, футболды дамыту бойынша да іс атқарып, нәтижелерді жақсартуды тапсырды.

▪️Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияровтың айтуынша, Түркістан облысының спортшылары 2025 жылы Сурдлимпиада, Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 1668 медаль жеңіп алды. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 46 медаль немесе 2,7%-ды құрады. 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 74 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 745 спорт шеберлігіне үміткер спортшы дайындалды. Сондай-ақ облыстан ұлттық құрамаға 766 спортшы енді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 150 спортшыға артты. Демеушілер есебінен үздік спортшыларға 8 автокөлік және 3 пәтер табысталған. 231 спортшыға ай сайынғы стипендия тағайындалды, былтыр 141 спортшыға берілген.

▪️Биыл 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти-Нагоя қаласында жазғы Азия ойындары өткізіледі. Оған спорттың 17 түрінен облыстың 35 спортшысы үміткер болып отыр. Сайыпқырандар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алады деп жоспарлануда. Одан бөлек пара Азия ойындары аталған елде 18-24 қазан аралығында өткізіледі. Ол сынға түркістандық 7 үміткер қатысып, 3 медаль олжалайды деп күтіліп отыр. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

▪️Былтыр 63,6 млрд. теңгеге 102 спорт нысан құрылысы аяқталды. 2026 жылы 11,3 млрд. теңгеге 20 спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның 9-ы жеке инвесторлар есебінен атқарылады. Соның ішінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен Бәйдібек және Келес аудандарында 2 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Мемлекет басшысының барлық өңірде инклюзивті спорт орталығын салу туралы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласында пайдалануға берілген спорт нысанына жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, облыстық «Сауран» мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорт мекемесінің теңгеріміне беріледі.

▪️Спорт саласында «Event tourism»-ді дамыту бойынша Түркістанда 40-қа жуық әлемдік, халықаралық және республикалық деңгейдегі ірі жарыстар өткізу межеленген. Жуырда Түркістан қаласында шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 1100-ге жуық жас спортшы қатысты.
Ақпан айының 4-9 аралығында «Олимпик центр» спорт кешенінде таеквондодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Түркістан қаласындағы көпфункциялы ипподромның ашылуына орай, көкпардан халықаралық «Nauryz cup» жарысы, бәйгеден республикалық турнир, аударыспақтан Азия чемпионаты, жамбы атудан жастар арасында ҚР чемпионаты, дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты, теңге ілуден ересектер арасында Азия кубогы, асық атудан ересектер арасындағы Әлем кубогы, қазақ күресінен жастар арасында республикалық турнир, «Толағай» алыптар сайысы өтеді. Одан бөлек «Бабалар ізімен: асық ату» іс-шарасында бір мезетте 1000 адам асық ойнамақ. Олимпиада чемпионы Б.Саттархановты және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Ә.Нұрмахановты еске алуға арналған, сондай-ақ М.Ділдабековтың жүлдесіне арналған бокстан халықаралық турнирлер, қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасовты еске алуға арналған халықаралық турнир мен Әлем кубогы, шахматтан түркі тілдес халықтар ойыны және «Түркістан марафон – 2026» бұқаралық жүгіру марафоны, ескек есу арнасында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты және параканоэден Азия чемпионаты, сондай-ақ ескек есу спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының барлық жас санаттары бойынша ел чемпионаттары толықтай Түркістан қаласында өтеді. Жалпы спорттық іс-шараларға 40 мыңнан аса адам келеді деп жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

————————

В 2026 ГОДУ В ТУРКЕСТАНЕ ПРОЙДЕТ ОКОЛО 40 КРУПНЫХ СОРЕВНОВАНИЙ МИРОВОГО, АЗИАТСКОГО И РЕСПУБЛИКАНСКОГО УРОВНЕЙ

📍В спортивных школах Туркестанской области 89 700 спортсменов на постоянной основе и бесплатно занимаются по 63 видам спорта. По сравнению с 2024 годом этот показатель вырос на 27 438 детей и подростков, или на 69%. По итогам 2025 года число жителей всех возрастов, регулярно занимающихся физической культурой и спортом, достигло 851 тыс. человек (42,8% населения), что соответствует установленному индикатору. В том числе доля детей и подростков в возрасте от 3 до 18 лет составила 266 тысяч. В рамках государственного спортивного заказа выделено 3,4 млрд тенге: 384 поставщика услуг охватили спортивными секциями 25 226 детей. В масштабах области проведено 3273 массовых мероприятия с участием более 273 тыс. человек.

▪️Актуальные вопросы и планы развития отрасли обсудили на аппаратном совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова. Глава региона дал ряд поручений по развитию массового спорта.

– Активнее вовлекайте подростков и молодежь в спортивные секции. Спортивные объекты региона должны служить народу. Приобщая к спорту, мы ограждаем молодежь от вредных привычек. Необходимо в полной мере использовать потенциал Ледового дворца в Туркестане – представьте конкретный план по развитию зимних видов спорта. Работайте на результат, отбирая наиболее перспективных атлетов. Строительство новых объектов в селах также должно быть качественным, – подчеркнул Н. Кушеров.

▪️По данным руководителя областного управления физической культуры и спорта Галымжана Худиярова, в 2025 году спортсмены области завоевали 1 668 медалей на Сурдлимпиаде, чемпионатах и Кубках мира, Азии и РК. По сравнению с прошлым годом рост составил 2,7%. Подготовлены пять мастеров спорта международного класса и 74 мастера спорта РК. В национальные сборные вошли 766 туркестанцев. За счет спонсоров лучшим спортсменам вручено восемь автомобилей и три квартиры. 231 атлету назначена ежемесячная стипендия.

▪️В текущем году (с 19 сентября по 4 октября) в японском городе Айти-Нагоя пройдут летние Азиатские игры. В них планируют принять участие 35 кандидатов от области по 17-ти видам спорта. На Паразиатских играх ожидается участие семерых туркестанцев.

▪️В прошлом году было завершено строительство 102 спортивных объектов на сумму 63,6 млрд тенге. В 2026 году планируется достроить еще 20 объектов (11,3 млрд тенге), 9 из которых – за счет частных инвесторов. По поручению Главы государства в Туркестане завершается оснащение инклюзивного спортивного центра, который будет передан на баланс учреждения для лиц с ограниченными возможностями «Сауран».

▪️Этот фрагмент текста посвящен развитию событийного туризма (Event tourism). В переводе на русский язык он будет звучать солидно и масштабно, подчеркивая статус Туркестана как новой спортивной столицы региона.

▪️В рамках развития событийного туризма (Event tourism) в Туркестане намечено проведение около 40 крупных соревнований мирового, международного и республиканского уровней. Недавно в городе завершился чемпионат Республики Казахстан по шахматам среди детей и подростков, в котором приняли участие около 1100 юных спортсменов со всех регионов страны.

▪️С 4 по 9 февраля в спортивном комплексе «Олимпик центр» пройдет чемпионат РК по таэквондо среди молодежи.

▪️К открытию многофункционального ипподрома в Туркестане приурочен целый ряд масштабных событий: международные соревнования по көкпар «Nauryz cup», республиканский турнир по бәйге, чемпионат Азии по аударыспақ и традиционной стрельбе из лука, молодежный чемпионат РК по жамбы ату, Кубок Азии по теңге ілу (среди взрослых), Кубок мира по асық ату и республиканский турнир по қазақ күресі, состязание великанов «Толағай». Кроме того, планируется уникальное мероприятие «По стопам предков: асық ату», где одновременно в асыки будут играть 1000 человек.

Календарь международного уровня дополнят турниры по боксу памяти олимпийского чемпиона Б. Саттарханова, заслуженного тренера РК А. Нурмаханова и на призы М. Дильдабекова, международный турнир и Кубок мира по қазақ күресі памяти К. Мунайтпасова, Игры тюркоязычных народов по шахматам, массовый забег «Turkistan Marathon 2026».

Особое внимание уделено водным видам спорта: на гребном канале пройдут чемпионат Азии среди юниоров и чемпионат Азии по параканоэ, а также первенства Республики Казахстан по гребле во всех возрастных категориях.

В общей сложности ожидается, что данные спортивные мероприятия посетят более 40 тысяч человек.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1154504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді