Аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
Жымпиты ауылы № 2 4 ақпан 2026 жыл.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХLІIІ сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезекті ХLІIІ сессиясы 2026 жылдың ақпан айының 18 күні сағат 11.00-ге шақырылсын.
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР:
- Батыс Қазақстан облысын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының Сырым ауданында орындалуы туралы.
- Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
- Сырым аудандық электр жүйесінің атқарылған жұмыстарының есебі туралы.
- Аудандық мәслихат төрағасының жылдық есебі.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Ш.Дуйсенгалиева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/syrym-maslihat/press/news/details/1154533?lang=kk

Жауап қалдыру